Kaspersky Endpoint Security жаңарту топтық тапсырмасын қолмен конфигурациялау

Бұл бөлікшедегі ақпарат Kaspersky Security Center 10 Maintenance Release 1 және одан кейінгі нұсқаларына қолданылады.

Жаңартулар көзі Басқару сервері болса, онда Kaspersky Endpoint Security 10 және одан да жоғары нұсқаларды жаңартудың топтық тапсырмалары үшін Тапсырманы бастау үшін автоматты түрде араластырылған кідірісті пайдалану жалаушасы қойылған кезде Қоймаға жаңартуларды жүктеу кезінде кестесі оңтайлы және ұсынылған болып табылады.

Kaspersky Endpoint Security 8 нұсқасын жаңартудың топтық тапсырмасы үшін іске қосу кезеңін айқын түрде көрсету (1 сағат немесе одан да ұзақ) және Тапсырманы бастау үшін автоматты түрде араластырылған кідірісті пайдалану жалаушасын қою керек.

Егер әрбір тарату нүктесі үшін "Лаборатория Касперского" серверлерінен жаңартуларды қоймаға жүктеудің жергілікті тапсырмасы жасалса, онда Kaspersky Endpoint Security жаңартудың топтық тапсырмасы үшін кесте бойынша мезгіл-мезгіл іске қосу оңтайлы және ұсынылатын болып саналады. Бұл жағдайда, автономизация кезеңінің мәні 1 сағат болып орнатылуы керек.

Басына оралу